Педагогтердің құқығы бұзылуда: Білім министрлігі бірнеше басшыны жазалады
"Педагог мәртебесі туралы" заңы және ҚР білім және ғылым министрінің тапсырмасы аясында білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғары лауазымдағы тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп-гимназиясы директорының м.а. педагогтерден артық есеп беруді талап еткен. Сонымен қатар, Түркістан облысының орта мектебінің директоры мұғалімге өзінің қызметіне жатпайтын істерді жүктеген.
"Мұғалімдерге қосымша ақы мен еңбек демалысының ақысы уақтылы төленбегені үшін Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, мектеп жөндеуге қаражат жинау фактісі бойынша Павлодар қаласының мектеп директоры жауапқа тартылды", - делінген ҚР білім және ғылым министрлігінің фейсбуктегі парақшасында.
ҚР білім және ғылым министрлігі педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда департаментке хабарласу керектігін айтты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
