Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан дәмханаларында тағам бағасы күрт қымбаттады: Кәсіпкерлер салық көлемін азайтуды сұрайды

Қазақстандықтар үшін дәмхана мен мейрамханаға бару қымбаттап кетті. Қоғамдық тамақтандыру қызметтері бір жылда орта есеппен 14%-ға өскен. Бірақ баға тағы да өсуі мүмкін. Мекеме иелерінің айтуынша, олар баға өлшемін тағы да қымбаттатпақ. Бұған жол бермеу үшін кәсіпкерлер өз аудандары бойынша қосымша салық құнын алып тастап, бөлшек сауда салығын өсірмеуді сұрап отыр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көптеген тамақтану орталықтарының иелері бағаны ұстап отыруға тырысып отыр. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін тамақтың бағасын шамамен 5% көтеруге тура келген. Бірақ егер үкімет салық мөлшерлемелерін қайта қарамаса, баға өсімі жалғаса бермек. Кәсіпкерлер өз саласын қосылған құн салығынан босатуды сұрап отыр.

"Біз қосымша салық құнын алып тастап, тауар айналымының 3 пайызынан бастауды сұраймыз. Қосымша салық құны қазір тауар айналымының 12% басталады. Айталық, өзіміз 100 теңгеге сатып алған болсақ, онда қосылған құнның 12 пайызын салық ретінде төлеуге тиіс боламыз. Я болмаса өнімнің сату бағасын көтеруіміз керек бірақ бұл оң шешім емес, өз тұтынушыларымыздан айырылып қалу қаупі бар", - дейді қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғарина.

Кәсіпкерлер азық-түлік бағасының шарықтап кеткенін айтып шағымдануда.

"Азық-түлік бағасы 30-ға өсті. Біз бағаның өсуіне төтеп бере алмаймыз. Оған қосымша қазір жүріп жатқан салық ауыртпалығы да бізге кері әсер етеді. Қазір бөлшек салық жүйесі бар - 3%, бірақ 2022 жылдан бастап бөлшек салық 6% болады. Және бұл 2025 жылға дейін созылады. Тиісінше, біз айналымның 6 пайызын төлегенде, пайдамыздың 80 пайызын жоғалтамыз", - деп түсіндірді Майғарина.

Елдегі ең танымал асханалар желісі де қосымша салық құнын алып тастауды, сондай-ақ бөлшек сауда салығын азайтуды сұрайды. Келесі жылдан бастап ол бірден екі есеге артпақ. Олар пандемиядан енді ғана айыға бастағанын айтады және қазір тарифті көтерудің еш мәні жоқ, дейді.



"Қазіргі уақытта бар 3 пайыздық бөлшек сауда салығы сол күйі қалғанын қалаймыз. Өйткені бұл бізге өте қиын, осының салдарынан банкрот боламыз. Азық-түлік қымбаттап қана қойған жоқ, электр энергиясы да, көлік бағасы да өсті – осылайша бағалар айырмашылығы өте үлкен. Өзіміз пандемия кезеңінен енді шыққанда, 23-ші жылдан бастап бәрі көтерілсе, жұмыс істеудің қажеті қалмайды", - дейді асханалар желісінің негізін қалаушы Шынара Бұғымбаева.

Қоғамдық тамақтану қызметтері бүкіл ел бойынша қымбаттап жатыр. Жалпы, баға бір жылда 14 пайызға өскен. Елордалық дәмханалар мен мейрамханаларда бұрынғыға қарағанда 37 пайызға артық төлеуге тура келеді. Екінші орында Түркістан облысы, ал үшінші орында Ақмола. Ақтөбеде құны сәл азырақ – шамамен 12%-ға өскен.

"Аптасына бір рет біз кестеге сәйкес сатып алу жасаймыз. Және жеткізушілердің әдейі немесе әдейі емес екенін білмейміз, бірақ бағаны көтеріп жатқанын сеземіз. Бізде мәзір бар, келісілген, бекітілген - біз оны өзгерте алмаймыз. Тағы да біз шығынқа шаш етектен батып жұмыс істеп отырмыз. Біздің компания халал. Сондықтан біз тек отандық өнімдермен жұмыс істейміз", - дейді директор Валентина Махмутова.

Кәсіпкерлер бағаны әзірше төмендетуге тырысатынын айтады. Бірақ салық ережелері өзгермесе, мейрамханада ас ішу қазақстандықтардың қалтасына салмақ салады. Ал кейбір орындар мүлдем жабылып қалуы мүмкін.

Талқылау