Пайдамды тигізгім келеді: Әнші мұқтаж отбасыға азық-түлік әкеп берді
Әнші Санда қайырымдылықпен айналыса бастады. Ол желідегі қолданушыларын қайрымыдылықпен айналысуға шақырды.
«Әр адам бір кездері өмірі туралы ойланып, өзінің қаншалықты дұрыс әрекет жасап жүргенін саралап жатады. Сенің мақсатың болып, оған жетуге күш салғаның жақсы. Бірақ мұның өзі сені бақытты ете алмауы мүмкін. Өйткені, сен өзің үшін өмір сүресің”, деп жазады әнші желідегі парақшасында.
Ал әлемге пайдаңды тигізбейсің. Пайда тигізу – бұл қызмет ету. Өзгелерге көмектессең, сен өзіңе көмектесесің. Бойыңда сенімділік пайда болып, жаның рахаттанады. Сондықтан мен көп ойлана келіп, қайырымдылықпен айналысам деп шештім. @club_dobryakov_almaty парақшасын көріп, көмекке мұқтаж жандар жайлы білдім. Осы орайда Айнагүлдің отбасы жайлы айтқым келеді. Оларға азық-түлік сатып алдым. Оның күйеуі жоқ. Бір бөлмеде қызы мен ұлы үшеуі тұрады. Ұлы 5 жаста. Сондықтан оны тұрақты жұмысқа алмайды. Пәтерге айына 20 мың теңге береді. Қазір материалдық көмекке мұқтаж жандар көп. Сондықтан барлық жазылушыларыма өтініш айтқым келеді.
Құрметті жазылушыларым, Айнагүлдің ұлы биыл мектепке барады, бірақ үйінің жанында мектепке дейінгі балалар сыныбы жоқ. Сондықтан Баянауылдан көшуіне тура келеді.
Екіншіден, оның балаларын жұмысына апаруға ыңғайлы болатындай жұмыс тауып беру керек.
Үшіншіден еден жуудан басқа жұмыстарды қарастырып көру керек. Тігін тігуге немесе тамақ пісіруге үйрететіндер бар шығар.
Мен @club_dobryakov_almaty тобымен ұзақ уақыт жұмыс істегім келеді. Менімен біре болыңыздар”, – дейді ол.
Тағы да оқыңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер болып жаралсам, гей болар едім
Қайрат Нұртасты жұрттың көзінше сүйіп ала жаздаған жігіт кім? (видео)
Санжар Мәдиевтің досымен түскен суреті елдің ойын сан-саққа жүгіртті