Қысқы уақытта қандай спортпен айналысуға болады және оған не керек
Қыста жұмсақ көрпеге оранып, жылы үйде отырғың-ақ келеді. Алайда сыртта уақыт өткізіп, таза ауамен тыныстап, дене шынықтыру денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екенін ұмытпаған жөн. Санаулы күндерден кейін бұл мезгіл де келеді, ал қыста шұғылдануға болатын спорт түрлерін тізіп, оларға қажетті тауарларды қайдан алуға болатыны туралы сөз қозғаймыз.
Шаңғы және сноуборд
Шаңғы тебу ұзақ уақыт бойы дененің үздіксіз қозғалуын қамтамасыз етеді. Жаттығу кезінде жүрек, өкпе, буындар жұмыс істеп, қан айналым жүйесі жақсарады. Шаңғы тепкен адам төзімді бола түседі. Жаттығуға арнаған 60 минутта 500-600 калориядан арылуға болады. Оның үстіне бұл спорт түрі қол, аяқ, бел және кеуде бұлшық еттерін қатайтып, дене бітімді сымбатты етеді. Мамандар шаңғымен аптасына 3 рет 60 минуттан 3-5 шақырым қыдырып қайту адам ағзасына аса пайдалы екенін айтады.
Сноуборд - шаңғыны алмастыра алатын спорт түрі. Сноуборд тебу кезінде бұлшық еттер “қозғалады”, әсіресе, аяқ, сан және кеуде тұстағы бұлшық еттерге салмақ көбірек түседі. 60 минут ішінде 400 калориядан арылуға болады. Жаттығу кезінде тыныс алу жолдары ашылып, жүрек, өкпе, буындар жақсарып, қанға көбірек оттегі келіп түседі.
Денеңіз кәсіби сноубордшылардай сымбатты болуы үшін кем дегенде аптасына бір рет 60 минут жаттығу керек.
Шаңғы мен сноуборд тебуге барғанда арнайы киіммен қорғаныс құралдары қажет. Оларды сіз дәл қазір Jusan Дүкеннен таба аласыз. Мысалы, мұнда сапалы шаңғыны 24 айға - 13 500 теңгеден, ал сноубордты 24 айға - 11 500 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз. Одан бөлек, дүкенде қорғаныс құралдары мен арнайы киімдердің кең ассортименті бар. Шаңғыға да, сноубордқа да ыңғайлы костюмді айына небәрі 6 000 теңгеден 12 айға бөліп төлеуге аласыз. Бұл тауарларды алу үшін арнайы дүкенге барып, суық күнде артық жұмыс істеудің қажеті жоқ. Оның орнына Jusan мобильді қосымшасындағы Jusan Дүкеннен тауарды тапсырыспен үйіңізге дейін алдырсаңыз болады.
Коньки тебу
Коньки қозғалысты бірқалыпты етіп, тепе-теңдік сақтауға және дене икемділігін арттыруға әсер етеді. Негізінен аяққа салмақ көбірек түсетіндіктен жаттығу бел мен аяқ бұлшық еттеріне пайдалы. Бірақ кәсіби конькишілер жылдамдықты арттыру үшін қолмен де жұмыс істейді. Басқа спорт түрлеріне қарағанда коньки тепе-теңдікпен мұқият болуды көбірек талап етеді. Егер аптасына 3 рет 60 минуттан коньки тебуге барсаңыз, шамамен 400-500 калориядан арыласыз.
Хоккей
Хоккей кезінде дененің барлық бөлігі қозғалады. Әсіресе аяқ, қол, кеуде және жауырын сүйектеріне пайдалы. Хоккей командамен жұмыс істеуді талап етіп, табандылыққа және әр шешімді ақылдасып қабылдауға үйретеді. Мамандар аптасына 1-2 рет хоккей ойнауға кеңес береді. Ойын 60 минутқа созылатын болса, арасында қысқа үзілістер жасаған дұрыс.
Ал мұз бетінде сырғанауға арналған конькилердің түр-түрін Jusan Дүкеннен табуға болады. Хоккей конькиін 12 айға - 13 000 теңгеден, ал мәнерлеп сырғанау конькиін 12 айға - 6 000 теңгеден бөліп төлеуге ала аласыз.
Бұл ретте хоккейге арналған конькимен мәнерлеп сырғанауға арналған конькидің бір-бірінен айырмашылығы бар екенін ескерген жөн. Хоккей конькиінің темірлері қысқа, ал мәнерлеп сырғанау конькиінің тістері бар. Хоккей конькиімен сырғанауға шықсаңызда, мәнерлеп сырғанау конькиімен хоккей ойнамаңыз. Себебі оның тістері сіздің жылдамдығыңызды тежеп, ойынға кесірін тигізеді.
Шанамен сырғанау
Шана десе, барлық адамның есіне бала кездегі алаңсыз ойындар түсері сөзсіз. Бұл тек уақытты көңілді өткізудің бір тәсілі ғана емес, организмге пайдасы тиер спорт түрі. Сондықтан шанамен сырғанау балаларға ғана емес, ересектерге де пайдалы. Шананы төбеге қарай сүйреп шығу артық калорияларды азайтып, аяқ, қол бұлшық еттеріне пайдалы болса, онымен төмен қарай сырғу қан қысымын ретке келтіріп, шаттық сыйлап, эндорфиндердің көптеп бөлінуіне алып келеді.
Jusan Дүкеннен сіз қарапайым бала кездегі темір шаналарды да, мұз қалақтарды да, тюбингтерді де, үш тағанды жаңа шаналарды да таба аласыз. Олардың бағасы 1 000 теңгеден басталып, 20 000 теңгеге дейін жетеді.
Пайдалы кеңестер:
- Өзіңіз таңдаған спорт түрімен айналыспас бұрын дәрігермен кеңесу қажет;
- Егер жаттығулар тау немесе орман сынды жетуге қиын жерлерде болса, туыстарыңызға өзіңіз баратын орын туралы алдын ала айтып қойыңыз;
- Үйден шықпас бұрын аздап дене жаттығуларын жасап, жақсылап тамақтанып алу керек;
- Белсенді қозғалыс кезінде организм сұйықтықты көп жұмсайды. Сондықтан суды көбірек ішкен абзал;
- Барлық спорт түрлері тайғанақ мұз немесе қар үстінде жаттығуды талап ететіндіктен, қауіпсіз киім-кешек қажет. Сол спорт түріне арналған арнайы киімді таңдап, оның матасына, беретін жылуына мән берген жөн.
Спортпен айналысуға арналған құралдар мен киімдерді Jusan Дүкеннен тауып, 24 айға бөліп төлеуге алып, 10%-ға дейін бонус иеленуге болады. Ал 25-27 қараша аралығында Bonus Friday аясында төмендегі категориялар бойынша 15% бонус қарастырылған:
- Авто тауарлар
- Ас үйге қажетті тауарлар
- Киім және аксессуарлар
- Балалар әлемі
- Денсаулық пен күтімге қажетті тауарлар
- Жануарларға арналған заттар
- Азық-түлікті тапсырыспен алу
- Үйге қажет тауарлар
- Қызметтер
- Техника және электроника
Айта кетсек, Jusan дүкенде 300 мыңнан астам тауар мен 2 мыңнан аса қызмет түрі бар. Онда спорт тауарларынан бөлек, смартфондар, тұрмыстық техника, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар және басқа да қажетті заттарды табуға болады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
