Павлодарлық фермер өз ауылына өрт сөндіру көлігін сыйлады
Павлодар облысының Қашыр ауданында агрофирма басшысы Виктор Деккер өрт сөндірушілерге арнайы көлік сыйлады.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Келтірілген деректерге сүйенсек, “Агрофирма “Покровка” ЖШС басшысы Виктор Деккер Ресейде шығарылған КамАЗ-65115 көлігін өз ақшасына сатып алған. Ол оны Қашыр ауданындағы Жаңақұрылыс ауылдық округінің өрт сөндіру постына сыйлады.
Кәсіпкер бұл мұлікке 12 миллион 625 мың теңге жұмсаған.
Суға арналған цистернаның сыйымдылығы тысяч тенге 8 мың литр, ал көбіктендіргішке арналған бактың сыйымдылығы 500 литр. Автоцистерна өрт сөндіруге қажетті техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Жаңа көлікті басқаратын қос жүргізуші арнайы оқу курсынан өтіп те қойды. Енді өрт сөндірушілер оқиға болған жерде жедел түрде мол көлемде су жеткізе алады.
“Осылайша көп жылдан бері шешімін таппаған проблема жойылды, бұған дейін ең жақын өрт сөндіру бөліміне жету біраз уақытты талап ететін», – делінген төтенше жағдайлар бойынша департамент мәлімдемесінде.
“Агрофирма Покровка” ЖШС — Жаңақұрылыс ауылы тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған негізгі мекеме. Айта кететін жайт, Виктор Деккер көмекке мұқтаж жандарға үнемі қол ұшын созып тұрады екен.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да оқушылар әкімдік ғимаратында білім алуда
Жамбылда қар көшкіні кезінде қаза тапқандардың есімдері белгілі болды
Қаңғыбасқа айналған танымал чемпион ақыры баспаналы болды
Оқушылар өмірін құтқарған павлодарлық полицей жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр