Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық тоғыз айлық балаға әлемдегі ең қымбат укол қажет

Павлодарда тоғыз айлық Айбар Рахметолланың ата-анасы ұлының еміне көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Балаға сирек кездесетін жұлын бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған.

Бір ғана “Золгенсма” инъекция баланың өмірін сақтап қала алады. Әлемдегі ең қымбат препарат шамамен екі жарым миллион доллар тұрады. Бұл шамамен бір миллиард теңге. 

Жұлын бұлшықетінің атрофиясында бүкіл дененің бұлшықеттері біртіндеп бұзылады. Нәтижесінде адамның өліміне әкеледі. Айбарды құтқару үшін Золгенсма инъекциясын екі жасқа дейін жасау керек, әйтпесе баланы құтқару мүмкін болмайды.

Айбардың ата-анасы балаларының өмірін сақтап қалу үшін халықтан көмек сұрайды. 

“Мен барлық мейірімді, қамқор адамдарға жүгінгім келеді. Ұлымыздың ары қарай өмір сүруіне көмектесіңіздерші. Ол енді ғана өмірге келді, әлі өте кішкентай”, – дейді Айбардың анасы Бахыт Инкербаева. 

Kaspi номері: 8-705-148-48-62

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Тамыз, 2021 08:57
Талқылау