"Жағдайы ауыр": Сәбидің дәрігер кесірінен ауруханада жатқанына 500 күннен асты

Павлодарлық екі жасар сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 500 күннен асып кеткен. Өздігінен дем ала алмайды. Гүлнар Жанайдарова ұлы Кәрімнің әлі де өкпеге жасанды ауа беру аппаратына таңылғанын және реанимацияда жатқанына 535 күннен асқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеп.
 

бала "24 шілдеде бізді Павлодарға жеткізді. Республикалық нейрохирургия орталығында біз екі айға жуық емделдік. Дәрігерлер ота жасап, металлоконструкция орнатып, омыртқасын байлап, ұлымның жағдайын тұрақтандырды. Мен дәрігерлердің жасаған барлық істеріне шексіз ризамын. Бірақ бұл орталық ұзақ уақыт емделушілерді ұстауға құқығы жоқ, сондықтан біз кері қайттық. Кәрім ұзақ жолды көтерді. Қазір ол бұған дейін жатқан ауруханада жатыр", - деді анасы.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, Кәрімнің жағдайы ауыр.

"Кәрімге өте сәтті ота жасалды. Бірақ жарақаттың өзі де, салдары да ауыр. Бала әлі дем алмайды. Алған жарақаттың ісерінен мойын омыртқаларының сынуынан басқа, жұлынның атрофиясы және миы зардап шеккен. Бала ауыр жағдайда, есте сақтау қабілетіне де зиян келген", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ардақ Күзеков.

Баланың қашан өз бетінше дем ала алатынын дәрігерлер айта алмайды.

"Біз оның ағзасының өміршеңдігін қолдаймыз. Бірақ бұл үлкен жолдың басы ғана. Денсаулығы қалпына келе ме, қандай да бір салдары туралы айту қиын. Бақылау жүргізу бір ай немесе бір жыл жүргізіле ме белгісіз. Ұзақ кешенді оңалту қажет. Бірақ оптимизм бар, уақыт өте келе бірлескен күш-жігермен нәтижеге қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Күзеков. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін терапевтің кесірінен ауыр күйге түскен сәбиге ота жасалғаны туралы хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр