AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық әйел бірге тұратын азаматын қызғанып, көршісінің үйін өртеп жіберген

Павлодарда қала шетінде тұратын тұрғын қызғаныштан ауылдасының үйін өртеп жіберді. Ол бірге тұратын ер адамын көршісінің – екі баланың анасының жанынан көріп, осылайша кек алуды ұйғарған. Бір түннің ішінде ол үйді екі рет өртемек болып, бүкіл отбасы мүшелерін өлтіре жаздаған. Жәбірленуші қылмыскерді "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша жазалауды талап етеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ольга Пархоменко

41 жастағы Ольга Пархоменко екі баласы және әжесімен тірідей өртеніп кете жаздады. Олардың үйін бірге тұратын Ольганы қызғанған ауылдасы өртеп жіберген.

"Мен Татьянамен жанжалдасып қалдым. Мен онымен бірге тұратын азаматпен бірге жолдың біраз бөлігінде жүрдім, сосын біз бөлініп кеттік, дүкеннен келе жатқанбыз. Келесі күні таңертең Татьяна келіп, "үйіңді өртеп жіберемін" деп қорқытады. Біз онымен болған оқиғаны талқылап, тарадық", - дейді Ольга Пархоменко.

Ольга біреудің сүйіктісін тартып алу ойында болмағанын айтады. Алайда қызғаншақ әйел басқаша ойлап, бір түнде үйді екі рет өртеп жіберді. Алғашқы өртті өз қолымен сөндірген. Екіншісін сөндіруге құтқарушылар көмектескен. Қылмыс жасаған әйелдің өзі журналистермен сөйлесуден бас тартты.



Ольганың өртенген үйін қалпына келтіру мүмкін емес. Қазір ол екі ұлы және әжесімен бірге туыстарының үйінде тұрады. Өрт қою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Павлодарское ауылы, Садовая көшесінің төмен жағындағы тұрғын үйдегі өрт оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "келуге міндетті" бұлтартпау шарасы таңдалды", - Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз хатшысы Алма Мұсабекова.

Күдікті қылмысы үшін 20 тәулікке қамауға алынуы немесе қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Жәбірленушінің өзі полицейлердің қорытындысымен келіспейтінін айтады. Ол "Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру" деген бапты аса ауыр – "Адам өлтіруге оқталу" бабына өзгертуді талап етеді.

Әйел прокуратураға арыз жазып үлгерген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр