"Павлодарэнерго" бас директоры болып Беларусь азаматы тағайындалды
"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры болып Беларусь маманы Олег Щемель тағайындалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavon.kz сайтына сілтеме жасап.
Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Вадим Лесин 11 ақпанда қызметінен босатылды. Екібастұз ЖЭО-дағы жағдайдан кейін Роман Скляр оның орнын босатуын талап етті
"Директорлар кеңесінің 17 сәуірдегі шешімімен компанияның бас директоры болып О.А.Щемель тағайындалды", – делінген хабарламада.
Енді "Павлодарэнерго" АҚ-ны ресми түрде 53 жастағы Олег Щемель басқарады. Тәжірибелі энергетик өмір бойы Беларуссияда тұрған және мансабын "Минскэнерго"компаниясында дамытқан.
Олег Щемель "электр станциялары" мамандығы бойынша оқуын бітірді, содан кейін Беларусь Республикасы президентінің жанындағы басқару академиясын "кәсіпорындағы экономика және басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансабын Минск ЖЭО-4 қатардағы электрослесары қызметінен бастап, 1998 жылы электр цехының бастығы болып тағайындалды.2000 жылы электр станциясының ауысым бастығы болды, осы қызметте жеті жыл жұмыс істеді.
2013 жылдан 2019 жылға дейін станцияның бас инженері қызметін атқарды.
2019 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында "Белэнерго" бас директорының орынбасары болды.
2019 жылдан 2023 жылдың сәуіріне дейін "Минскэнерго" бас директоры қызметін атқарды.
17 сәуірде Олег Щемель "Павлодарнерго" АҚ бас директоры қызметіне тағайындалды.