Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы стадион маңындағы қоқыстан Қазақстан елтаңбасы табылды (фото)

Павлодар қаласының тұрғындары қоқыс ішінен Қазақстан елтаңбасын тауып алды. Мемлекеттік таңбаны қоқысқа тастаған адам 4,5 миллион көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Елтаңба стадион маңындағы жасыл шөптің үстінде жатқан. Әкімшілік оны демалыс күндері аула сыпырушылардың тауып алғанын айтты.

“Манеждің артқы бөлігін тазалап жүріп ақ бірнәрсені көзім шалып қалды. Елтаңбаны алып осы жерге алып келіп отырмын. Бірақ, мен онымен не істерімді білмедім. Қоқысқа тастауға болмайды. Сол себепті, оны осы жерге қойып қойдым. Тауып алғанымды бастықтарға айтуды ұмытып кеткен екенмін”, – дейді стадион қызметкері Евгений Махин.

Осыдан кейін жерде жатқан елтаңбаны футболшылар көріп қалып, суретке түсіріп алған. Әзірге оны қоқысқа кімнің тастағаны белгісіз. Аталған стадионның маңында қалалық сот бар. Мемлекеттік таңба сол ғимаратқа тиесілі болуы мүмкін. Айыпты адам табылған жағдайда 4,5 миллион көлемінде айыппұл төлейді немесе екі жылға бас бостандығынан айырылады.


Жіберіп алмаңыз:

Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты

Қарағанды тұрғыны “тәжіктер ұйымының” теракт жасамақ болып жатқанын мәлімдеді

Туберкулезбен ауырған мұғалімге қатысты жанжал: Бәріне лаборант-рентгенолог кінәлі болып шықты

Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды

Талқылау