Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодардағы мектепте 6-сыныптың жеті оқушысы химиялық затпен ойнап күйіп қалды

оқушылар күйікФото: uteka.ru

Павлодардағы №37 мектептің 6-сынып оқушылары жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодарда №37 мектептің алтыншы сыныбында оқитын 7 оқушы күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде тараған деректерді өңірлік балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова растады.

Оқиға бүгін, 15 қыркүйекте болған.

"6-сыныптың жеті оқушысы қолдарының, бетінің, көздерінің күйік жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақаттар жоқ", – деді Шәкенова.

Алдын ала мәлімет бойынша балалардың жарақат алуына құбырларды тазартуға арналған құралмен ойнауы себеп болған.


Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты (видео)


"Есесіне Starlink интернеті бар": БҚО-дағы ауыл мектебінің жағдайы жұрттың жағасын ұстатты (видео)


Еске салайық, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепте 16 оқушы тамақтан уланып қалды. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.

Сондай-ақ өткен жылы қыркүйек айында Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғанынжазған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шеккен.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 15:25
Талқылау