Павлодардағы қанды қылмыс: Көршілері отбасы жайлы сөз қозғады
Павлодарда сұмдық қылмыс орын алды. Белгісіз біреулер үш кішкентай бала мен олардың анасын өлтіріп кеткен. Бұл жайт тіпті полиция қызметкерлерін есеңгіретіп тастаған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Балалары мен әйелінің өлі денесін үйіне оралған отағасы анықтапты. Түс ауа пәтерге келген ер азамат ішке кіре алмапты. Осылайша, көршілерінен темір кесетін құрылғыны алып үйіне кірген ол тырп етпей жатқан үш баласы мен әйелінің денелерін тауыпты.
"Ерлі-зайыптылар бірге тұрған. Үш балалары бар. Үйдегі заттар шашылмаған. Полицияны отағасының өзі шақыртқан. Сот алды тергеу істері басталып кетті", - деді Павлодар облысытық ПД басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Көршілері отбасыны онша танымайтындарын айтуда. Сөздерінше, жанұяның көшіп келгеніне көп уақыт болмаған. Бұрын-соңды айқай-шу естімедік, дейді олар. Оқиға орын алған күні де біртүрлі дауыстар естілмеген.
Қазіргі таңда криминалистер мен полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”