Павлодардағы әскери қызметкердің өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғады
Павлодарда "КамАЗ"-дың дөңгелегі жарылып, ажал құшқан әскеридің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 12 маусымда кешкі 19:15 шамасында болған. Аға сержант Айбек Тұрсымбаев №5512 әскери бөлімі паркінде жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде мерт болған.
"Дөңгелекті үрлеу кезінде басынан ауыр жарақат алған. Қазір бұл дерек бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу бастады. Нәтижесі қосымша хабарланады", – деді Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
"Шығыс" қолбасшылығы Айбек Тұрсымбаевтың жақындары мен туыстары көңіл айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда келесімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскеридің "КамАЗ" дөңгелегі жарылып, қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”