Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жүргізуші егде жастағы әйелді қағып, қашып кеткен

Павлодарда полицейлер  74 жастағы зейнеткерді қағып кеткен жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, оқиға Мәшһүр Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында болған.

"Белгісіз жүргізуші белгісіз автокөлікпен жаяу жүргіншіні, 74 жастағы зейнеткерді қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Аталған факті бойынша жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Айта кету керек, қарт әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Зейнеткер ауруханаға жеткізілді. Ол кеуде қуысының және жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, қабырғасы жабық түрде сынған, миы шайқалған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Типичный Павлодар (@tipavlo) on

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2020 06:39
Талқылау