Павлодарда жасы жетпегендерді зейнетке шығарған 40 адам сотталды
Павлодарда еңбек департаменті мен зейнетақы төлеу орталығының бұрынғы қызметкерлері және зейнеткер атын жамылғандарға қатысты сот отырысы басталды. Атышулы істе бақандай 40 адам сот залына әкелінген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Іс қағаздарына сәйкес, қылмыстық топ 13 жыл бойы жымын білдірмей әрекет етіп келіпті. Олар жасы жетпегендерден ақшасын алып, зейнеткерлікке шығарған. Тіпті, құрметті еңбек демалысын ұсынғандар бұл қызметтері үшін 800 мың мен 1 миллион теңге аралығында ақша алып отырған. Айласын асырып, қалтасын қампайтқандар зейнеткерлікке асыққандарға радиациялық қауіпті аймақ және көпбалалы ана санаты бойынша жалған құжат толтырған.
Әзірге зейнетақыны саудалағандардың кесірінен мемлекетке 177 миллион теңге шығын келгені анықталыпты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”