Павлодарда жарылысқа ұқсас дыбыс тұрғындарды шошытты
Бүгін түске таман Павлодарда жарылысқа ұқсас қатты дыбыс шықты. Үрейленген қала тұрғындары «Өндіріс ошақтарында жарылыс болды» деген күдікпен аймақтағы тілшілерге қоңырау шалған.
Бұл туралы 24 арна хабарлайды.
Алайда, Төтенше жағдайлар департаменті қалада ешқандай оқыс оқиға тіркелмегенін жеткізді. Зауыттармен жылу электр стансалары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ал, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің кезекші бөлім мамандарының айтуынша, қазір Қазақстан-Ресей шекарасында әуе күштерінің дайындығы өтіп жатыр. Жарылысқа ұқсас дыбыс оқу-жаттығу кезінде шығуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды
Қорқынышты фильм көру – адам денсаулығына пайдалы
Павлодарда соққыға жығылған сәбидің әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы
Мектеп мұғалімі бұрын өзінің порнороликтерге түскені жария болған соң қызметінен кетті
Талқылау