Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді

Паводарда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 67 жастағы зейнеткерден 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

есірткі

Зейнеткер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2022 жылы есірткінің заңсыз айналымы бойынша 59 қылмыс, оның ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізуге байланысты 47 факті анықталған. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 22 Тамыз, 2022 11:08
Талқылау