Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда зейнеткер веломобильмен қоршауға соғылып көз жұмды

веломобиль павлодар зейнеткер

Фото: frmall.ru

Павлодарда орталық жағалауда зейнеткер веломобильмен қоршауға соғылып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция департаментінің мәліметінше қазіргі таңда жазатайым оқиғаға қатысты тергеу басталды. 

“7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда үш баласымен қызы бар анасы 4 доңғалақты велосипедпен жүрді. Түсу кезінде олар рөлге иа бола алмай, металл қоршаумен соқтығысқан. Құлау нәтижесінде зейнеткер әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Оның қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы шақырту 6 шілде күні сағат 23:08-де түскен. Алты минут ішінде жедел жәрдем тобы оқиға орнына жеткен.

"Өкінішке қарай, 69 жастағы әйелдің ауыр жарақаттар алғаны анықталып, оның қайтыс болғаны тіркелді. 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ тағы бір зардап шеккен — 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді", — деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем қызметі.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 07 Шілде, 2025 13:17
Талқылау