AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы тұтқындалды

Павлодарда ЖШС басшысынан миллиондаған теңге бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қылмыскер

"Полицияның жедел қызметкерлері өңірдегі ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерін ұстады. Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемде бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеп, жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 54 жастағы басшысы 40 жастағы павлодарлықпен алдын ала келісе отырып, психологиялық қысым көрсету және күш қолданамын деп қорқыту арқылы ЖШС-лардың бірінің директоры мен оның орынбасарынан үшінші тұлғалардың пайдасына 52 миллион теңгеден астам қаражат аударуды талап еткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр