Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ұстаздар мен дәрігерлерге терезесі мен қабырғасы жарылған үйлер берілген

Жылдар бойы кезекке тұрып, пәтер алған павлодарлықтардың қала билігіне өкпесі қара қазандай. Әлеуметтік әл жуаз топқа берілген баспаналардың іші адам төзгісіз екен. Қабырғалары қақырап, терезедегі әйнектің сау-тамтығы қалмаған,-деп жазды Еуразия арнасы.

терезе

Осы күнге дейін бұл ғимаратта АлюминСтрой шағын ауданының үйлері сүрілген адамдары уақытша тұрыпты.  Оларға жаңа баспана салынып, желтоқсанда көшірілген. Ал 12 жыл бойы жетімдер санатында үй кезегінде тұрған Динара Құсбекова пәтерін көргенде қуанышы су сепкендей басылыпты.

Қамкөңіл жандарға берілген тұрғын үйде құбырлардан су ағып, лифті де жұмыс істемейді. Ал, ғимараттың құрылысына жауапты мердігер компанияның үстінен қылмсытық іс қозғалған. Бірақ оның басшысы сот шешіміне дейін қайтыс болыпты. Дегенмен, қала билігі тұрғын үйдің кем-кетігін түзеуге жеке демеушілерді тартамыз деп отыр.

«Пәтерлерді тапсырар кезде тұрғындармен акт жасалды. Ал белгілі бір мәселелерге, кемшіліктерге байланысты акт тапсырмағандар соттың шешімін күтуіне тура келеді» — Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Сергей Звонковский.

Оқи отырыңыз:

Тұрғын үйінің астында жылан ордасы барын кездейсоқ біліп қалды (фото)

Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды

Алтыншы баласын босанғалы отырған алматылық келіншекті үй иесі пәтерден қуып жатыр

 

Талқылау