Павлодарда ұры дүкен сатушысын оңдырмай сабап кетті (видео)
Павлодарда ұры жаңа жыл түні дүкенге келіп, сатушыны оңдырмай ұрып тастап, бүкіл ақшаны алып кеткен.
Жергілікті дүкендердің бірінде болған адам шошырлық әрекет бақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеоны Инстаграмдағы vpavlodare парақшасы жариялаған.
Инстаграмда жарияланған видеода, медициналық маска таққан ер адам дүкен ішіне кіріп келіп, сатушы әйелді оңдырмай ұрады. Соққыдан әйел еденге құлап түскеннен кейін де, төпелеген. Қатты соққыдан әйел есінен танып қалады. Осыны пайдаланған ұрры кассадағы бүкіл ақшаны жымқырып тайып тұрады.
Видеоға қалдырылған пікір бойынша дүкен Екінші Павлодар ауданында болған.
“Қылмыскер жалзалануы керек. Барлығымыз бөлісейік, бәрі оны көшеде танитындай болсын”, – деп жазады club_dobryakov_pavlodar тобының мүшелері.
Қазіргі таңда видеоны полиция қызметкерлері зерттеп жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексерісті бастап кетіпті.
Оқи отырыңыз:
Мәскеу ауруханасында жатқан спортшы Расул Мырзаевтың суреті жарияланды
2016 жылы қазақстандықтарды жылатқан 6 оқиға