Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тұрақта тұрған көлік әйелді қағып кетті

Павлодарда жүргізушінің бейқамдығы салдарынан тұрақта тұрған көлік әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көлік

Оқиға 30 мамыр күні 20:10 шамасында болған. Анықталғандай, 28 жастағы Mazda жүргізушісі көліктің өздігінен жүріп кетуінің алдын алмаған. 

Салдарынан тұрақта тұрған көлік жүріп кетіп, 32 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал көлік айыппұл тұрағына қойылды. Тексеріс жүріп жатыр. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 01 Маусым, 2022 08:15
Талқылау