Павлодарда полиция екі жыл бойы туған қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адамға іздеу жариялады
Павлодарда өз қызын бірнеше жылдар бойы зорлады деген күдікпен ер адам іздестірілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті жексенбіде.
Қайда жүргені туралы бағдар аймақ пен елдің барлық аумақтық полиция бөлімшелері мен шекара қызметтеріне жіберілді.
Анасының өтініші бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жәбірленушінің айтуынша, әкесінің зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Бұған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді