Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тікелей эфирде Путинге тіл тигізген блогер қамауға алынды

Тікелей эфирде Ресей президенті туралы боғауыз сөйлеген Диас Құзайыров 15 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: qazpolit.org

Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогерге “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті. 

Бірақ судья айыпталушыға сенбей, оны 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Павлодар сотының мұндай үкімін бірінші болып kerek.pv телеграм-арнасы жариялады. 

Бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Путиннің достарына тиесілі компания Қазақстанда салатын үш жылу электр орталығы қандай кезеңде екенін айтқан еді.

Талқылау