Павлодарда тік ішегі бітеу бала дүниеге келді
Павлодарда тік ішегі бітеу бала туды. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі. Ақ халаттылар оған күрделі операция жасап, тік ішегін қалпына келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Сәби туғанда өңеші мен асқазаны да бір-біріне байланыспаған. Оған да операция жасалып, өңеш пен асқазан арқылы тік ішекке баратын жолды ашқан.
Бұл ауру медицинада "өңеш атрезиясы" деп аталады. Павлодар облысында өткен жылы осындай 5 жағдай тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ауруды сәби туғаннан кейін 36 сағат өтпей операция жасаса ғана, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
“Бала енді операциядан кейін реанимацияда болды. Реанимацияда жатқанан кейін баланы отделениеге ауыстырып, мамасына бердік. Мамасы омырау емізіп, бақыладық. Емдедік до конца. Сондықтан баланы амбулаторлық емдеуге жібердік. Бақылап жатырмыз”, – дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жандос Мусин.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн