Павлодарда тепловоз ер азаматты мыжып өлтірді
Павлодарда ер азамат жылу пойызының астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 14 қаңтар күні сұрыптау станциясы орналасқан жеке сектордың аумағында орын алған. Ер азаматтың денесін тепловоздың астынан шығару үшін, салмағы 100 тоннадан асатын ауыр мәшинені көтеруге тура келген. Куәгерлердің сөзінше, марқұм болған азамат темір жолды тепловоздың ортасымен кесіп өтпекші болыпты. Алайда ол пойыздың астымен өтейін деген кезде мәшине жүріп кетіпті. Полицейлер ер азаматтың кім екендігін анықтауда.
"Жедел жәрдем бригадасы жеті минуттан кейін келді. Құтқарушылар азаматтың денесін шығарған кезде дәрігерлер оның бақилық болғанын анықтады. Ер азаматтың кім екендегі беймәлім, шамамен жасы 40 жетпейді, түр-әлпеті еуропалыққа келеді", - деп мәлімдеді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Мақпал Қаржаубай.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
