Павлодарда таяқ жеген сәби анасынан айырылғысы келмеді
Қазіргі уақытта сәби Павлодар қаласындағы балалар үйінде. Қыздың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Павлодар қаласында анасынан таяқ жеген кішкентай қыз балалар үйіне жіберілмес бұрын анасынан айырылғысы келмеді деп хабарлады бұл істі қадағалап отырған ҚР балалар құқығы бойынша уәкілі Зағипа Балиева.
Бұл оқиға мұқият тергеуді қажет етеді, дегенмен бәрінен бұрын баланың құқығы жайында ойлау керек дейді ол. “Мен қызды балалар үйіне жібермес едім. Қалай болғанда да бүкіл туған-туыстарын жинап, қыздың қайда болғаны дұрыс, соны анықтау керек еді”, — деп Балиева өз пікірімен бөлісті. Балалар құқығы бойынша уәкіл анасы қызын ұрып соққаны үшін жауапқа тартылып, тиісті органдар бұл істің шешімін табады деп үміттеніп отыр.
Бұған дейін ғаламторда анасының кішкентай қызын аяусыз ұрып жатқан жантүршігерлік видео пайда болды. Кейін туған анасынан зардап шеккен үш жасар қыз балалар үйіне жеткізілгенін хабарланды. Кейіннен желіде қызын аяусыз ұрып-соғатын әйелдің тағы бір видеосы пайда болғанын хабарлаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
16 рет түсік тастап дүниеге сәби әкелген ана 1 жылдан кейін одан айырылып қалды
130 жастағы мұсылман әже 450 шөбере тәрбиелеп отыр
Ер адам сүйіктісінің маңдайына өз есімін жаздыруды талап еткен