Павлодарлық жігіт сүйіктісінің әкесінің жағын сындырған
Павлодарда сүйіктісінің әкесінің жағын ұрып сындырған жігіт жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға әке мен қыздың арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Бойжеткен арадағы жанжал туралы жігітіне хабарласып айтқан. Жігіт сол жерге келіп, сүйіктсінің әкесімен сөйлесуге тырысқан. Алайда жауап ретінде намысына тиетін сөздер естіп, ашумен қыздың әкесін екі рет жағынан ұрып жіберген.
Қалалық соттың дерегінше іс 2022 жылдың қаңтарында тіркелген. Зардап шеккен ер адам медицина мен полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, жігітті сотқа берді. Сот шешімі бойынша қыздың сүйіктісіне бір жыл бас бостандығына шектеу қойылып, тұрғылықты мекенжайы мен жұмысын ескертусіз өзгертуге тыйым салынды. Қыздың әкесі жігітті кешірмейтінін айтып, моральдық шығын төлеуін талап еткен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”