Павлодарда шетел азаматы кішкентай қызды өлтірмек болды

Павлодарда ОАР азаматы көрші тұратын кәмелетке толмаған қызды қылқындыруға тырысқан. Сот кінәліге қатысты үкім шығарды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 9 тамызында таңғы сағат 04:00 шамасында шетелдік азамат көршісінің тұрғын үйіне баса-көктеп кіріп, адам өлтіруге оқталған.

Сотта сотталушының 2020 жылы әлеуметтік желілердің көмегімен қазақстандықпен танысып, қысқа хат жазысқаннан кейін сүйіктісіне келгені анықталды. Жастар үйленіп, Павлодар қаласының маңындағы жеке үйде қоныстанды.

Сол үйдің ауласында кәмелетке толмаған баласы бар ерлі-зайыптылар уақытша тағы бір үйді жалдап тұрған.

Оқиға болған күні ер адам көршісінің кәмелетке толмаған қызын қылқындыра бастаған. Сол сәтте қыздың әкесі оянып, оны құтқарып қалады.

Тергеу барысында шабуыл кезінде шетелдік азаматтың есі кіресілі-шығасылы болған анықталды.

Сотта прокурор сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберуді сұрады. Күдіктінің заңды өкілі - әйелі де осындай өтініш білдірді. Жәбірленушінің ата-анасы психикалық ауруханадан шыққаннан кейін елден жер аударуды талап етті.

Сот прокурордың ұстанымын қолдап, ОАР азаматын Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатриялық стационарына мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

"Заң талаптарына сәйкес, егер адам есі дұрыс емес деп танылса, онда сот медициналық сипаттағы шараларды қолдануға міндетті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ",-деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр