Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда рестобар күзетшілері келушілерді 4 сағат бойы тексерушілерден жасырған

Павлодардағы барлардың бірінің күзетшілері келушілерді жертөлеге кіргізіп, мекемеден шығармай қойған. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жағдай Желтоқсан көшесіндегі мейрамханада болған. Мониторингтік топ мекемеде жұмыс режимінің бұзылғанын, толтырылуы шектен асып кеткенін анықтаған. 

Жауапкершіліктен және жоғары айыппұлдан қорқып, мекеме әкімшілігі мен күзетшілер тәртіп сақшыларынан барлық келушілерді жертөледе жасырған. Сонымен бірге олар полиция қызметкерлерін мекеме жұмыс істемейді және мекемеде ешкім жоқ деп сендіруге тырысқан. Тәртіп сақшылары клиенттерді көрмеген соң, үндемей кетеді деп үміттенетін шығар.

Бірақ полиция қызметкерлері гардеробтан және бар шкафтарынан клиенттердің сыртқы киімдерін тапқан. Сондықтан олар ғимаратты қоршап алды.

Ұзақ уақыт өткеннен кейін, дәлірек айтсақ, төрт сағаттан соң ғана 40-тан астам келуші шыға бастаған. Оның үстіне, қонақтардың бірі айтуынша, көпшілік бірден жоғарыға көтерілуге ​​тырысқан, бірақ бар әкімшілігі мен қауіпсіздік қызметі оларды сыртқа шығармаған.

Барлық тәртіп бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша мекеме иесін де, келушілерді де ӘҚБтК-тің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.

Полиция қызметкерлері карантинді бұзған мекеме клиенттері де 425-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы да еске салды, оның санкциясы - 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (83 мың теңгеден астам). Ал лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 230 АЕК мөлшерінде (шамамен 640 мың теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Талқылау