Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда прокуратура ғимаратында полицей өзіне қол салған: Оқиғаны министр түсіндірді

Павлодар облысында прокуратура ғимаратында өзіне-өзі қол жұмсаған полицейдің өліміне қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Тұрғымбаев қазір оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Полицей қызметінде үздіктердің бірі болған. Оның не себепті өзіне қол салғанын алдағы уақытта тергеу тобы анықтайтын болады. 

“Полицейдің өзіне-өзі қол жұмсауына не себеп болғаны туралы тергеу органдары анықтайтын болады. Ол ішкі істер министрлігінің қызметкері және оқиға прокуратура ғимаратында болғандықтан, істі үшінші орган жүргізетін болады. Полицейдің басшылығы оған жақсы баға берді. Қызметінде ешқандай ескерту алмаған, тек мақтау естіген. Барлық қызметкерлер қызметіне кіріспес бұрын психологиялық тестен, арнайы сынақтан өтеді. Бірақ полицейлер ауыр қылмыстарды ашуға қатысатындықтан, психологиялық қысым көруі мүмкін. Мұны анықтау үшін жыл соңында тест өткізіп отырамыз. Бірақ бұл соңғы уақытта болған жалғыз жағдай”, – дейді Тұрғымбаев. 

Дана Русланқызы
Жұма, 11 Маусым, 2021 13:48
Талқылау