Павлодарда полиция капитаны майордың өзін ұрып-соғып, балағаттап кеткенін айтты
Полиция капитаны Меруерт Қаженова әріптесі майор Асхат Байсекеновтің өзін балағаттап, онымен қоймай қол көтергенін айтты.
Жәбірленушінің айтуныша, майордың бұлай істеуіне Меруерттің кезекшілікті ауыстырмай қойғаны себеп болған, деп жазады “Время”.
Майор Байсекенов Каженоваға хабарлама жазып, кезекшілігін ауыстырмағаны үшін балағаттаған.
Кейіннен кабинетіне келіп оның жеңіл жүрісті қыз екенін айтқан. Дәлізге шығып бара жатып та балағаттаған. Мұны естіген әріптестері тосқауыл болмапты.
Қыздың айтуынша, ол қарсылық көрсетпек болғанда майор бақылау камерасынан тыс жерде оны итеріп, теуіп жібереді.
Осыдан соң Қылмыстық полиция бөлімінің басшысы мен тағы бір қызметкер келіп майорды кабинетіне күштеп алып кетеді.
Каженова «102» нөміріне хабарласып, мән-жайды баяндайды. Осыдан соң «Лауазымды тұлғалардың қызметін асыра пайдалану» бабы бойынша тергеу басталады.
Кейіннен Каженовадан жауап алады, бірақ Байсекеновты тексермейді. Сараптамада оның қан құрамында алкоголь жоқтығы анықталған.
Бойжеткен полицияға арыз жазады, алайда оған хабарласып арызды қабылдамауын талап еткен.
Каженова ішінен жарақат алғанын, денесінің қатты ауырып қалғанын айтады.
Жәбірленушінің айтуынша, тыңдалым кезінде Байсекенов Каженованың керісінше өзін ұрғанын айтқан. Ол Каженованың таеквондодан спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін атап өткен.
Әзірге бұл істің соңы қалай аяқталатыны белгісіз.
Тағы да оқыңыз:
«Кетерде анамды қатты құшақтады»: Туыстары қостанайлық жігіттің өлер алдында қалай қоштасқанын айтты
Өзіне қол жұмсаған қыз: Ауру мені жеңді! Күресуге қауқарым жоқ
Қазақстанда ер адамдардың жартысы жыныстық жолмен таралатын жұқпалы ауруларға шалдыққан