Павлодарда өз ағасын пышақтап өлтірген азамат 8 жылға сотталды
Павлодарда өз ағасын пышақтап өлтірген азаматқа сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы КазТаг жазды. Оқиға өткен жылы қараша айында болған. Сөзге келіп қалған ағалы-інілі екі азамат жанжалы адам өлімімен аяқталып отыр. Інісі ащы судың күшін өз ағасына пышақ ала жүгірген. Салдарынан бауыры оқиға орнында көз жұмды.
Көп ұзамай бұл іс бойынша сот үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігі “адам өлтіру” айыбымен Р есімді айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз кінәсін толық мойындаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”