Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда "мұқтаж" ер адам көмек алу үшін қымбат Lexus мініп келген

Павлодарда баласы үшін қайырымдылық көмек сұрап келген ер адам еріктілерді таңғалдырды. Себебі ол көмек алуға қымбат Lexus көлігін мініп келген.

Павлодарда

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Павлодар-онлайн» сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Клуб добряков Павлодара» қоғамдық қорының Instagram желісіндегі парақшасында бұл жайтқа қатысты сурет пен ақпарат жарияланды.

Қоғам белсенділерінің сөзінше, қазіргі уақытта олар «Қайырымдылық портфелі» акциясын жүргізуде. Биылғы жылы балаларын мектепке дайындау үшін 300 отбасы көмек сұраған екен. Еріктілер олардың денін жақсы біледі. 

Алайда мұқтаж отбасындағы балаларға арналған тағы бірнеше жиынтық қалғаннан кейін, еріктілер әлеуметтік педагогтар ұсынған тізімдегі тұрмысы төмен отбасыларға көмектесуді ұйғарыпты. 

Артынша мектепке қажетті заттар жиынтығын алуға Lexus маркалы қымбат көлікке мінген ер адам келіп, өзін мұқтаж оқушылардың бірінің әкесімін деп таныстырған. 

Құжаттарға сәйкес, бұл көпбалалы отбасының табысы айына 56 мың теңгені құрайды. Алайда, қор өкілдері көз жеткізген мәліметке сәйкес, ер адамның қымбат көлігі бар және жақсы үйде тұрады. 

«Қайырымдылық мақсатындағы оқу жиынтығын соңғы модельдегі шетелдік қымбат көлікке салуға арсыздығы жеткізді ғой», - дейді еріктілер. 

Талқылау