Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда күйеуі әйелін ұрып өлтірді

Павлодар облысында ерлі-зайыптының арасында жанжал шығып, күйеуі әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні полицияға ер адамның өз әйелін өлтіргені туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің мән-жайын анықтады.

"Баянауыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде отбасылық жанжал шыққан. Күйеуі әйелін есінен танғанша ұрды. Жұбайы алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды", – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Күдікті ұсталып, Баянауыл аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Айта кетері, осы қылмыс үшін 8 жылдан 12 жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айнұр Мұхади
Жұма, 20 Тамыз, 2021 12:59
Талқылау