Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қызылша ауруына шалдыққандар көбейіп барады

Павлодар облысында қызылша ауруы өршіп барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

фото: ашық дереккөз

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамыз айында қызылшаға күдікпен 11 бала жүгінсе, соның 10 жағдайы расталды. Қызылша ауруына шалдыққан ең кішкентай науқастың жасы - 1 жас 4 ай.

 "Балалардың барлығы ауруды жеңіл түрде өткізді. Бүгінгі күні олар өздерін орташа сезінеді. Емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Қызылша ауруымен стационарда шамамен 7-10 күнге дейін жатады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қызылша – бұл инфекциялық ауру, ол ауа-тамшылы жолмен беріледі. Екпе алмаған және ауырмаған адамдардың науқаспен байланыс кезінде қызылшаны жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары.

Вакцина алмаған балаларда қызылша аса ауыр дәрежеде өтеді: дене қызуы 39-40С-қа дейін жоғарылайды, айқын әлсіздік байқалады, тіпті су ішуден де бас тартады. Басынан басталған бөртпе кезең-кезеңмен төменнен жоғарыға қарай таралады. 

"Павлодар облысында осындай қауіпті дерті бар екі бала анықталды. Қызылшамен ауырғаннан кейін бұл сырқат сегіз жыл уақытқа дейін пайда болуы мүмкін. Сырқат алдымен мінез-құлық бұзылыстарымен айқындалады, кейін қозғалыс, көру қабілеттері әлсірей бастайды. Жағдайлардың 80%-да жіті склерозды панэнцефалит 1-3 жылға созылады және өліммен аяқталады", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.  

Сырқаттың алдын алу үшін балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакциналау қажет. Павлодар облысының сантиралық эпидемиологиялық департаменттің хабарлауынша, маусым айында қызылшаға қарсы екпе алғандардың саны - 827, ал бір жастағы балалар саны - 675. Шілде айында 953 адам екпе алса, бір жастағы 766 балаға ауруға қарсы вакцина егілді.

 

Талқылау