Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда карантинге жабылған аурухананың бас дәрігеріне сөгіс жарияланды

Павлодардағы ең үлкен аурухана - №1 қалалық аурухананы екі апталық карантинге жапқаны үшін бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. № 1 қалалық аурухана 9-23 сәуір аралығында карантинге толық жабылды.

"Медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінде коронавирустық инфекция кезіндегі әрекеттер алгоритмінің сақталмауын анықтады. Қызметтік тергеу және тәртіптік комиссия қорытындысы бойынша № 1 қалалық аурухана бас дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды", - деп түсініктеме берді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов.

Оның айтуынша, негізгі ереже бұзушылық - коронавирус белгілері бар науқасты әдеттегі ауруханаға жатқызу.

"Пациент қабылдау бөлмесіне КВИ клиникалық белгілерімен келген. Оны терапевтік бөлімшеге жатқызған. Бұл тікелей бұзушылық болды. Медперсонал ауруханаға кіре берісте тиісті сақтық танытпады. Нәтижесінде халыққа көмек көрсете алатын үлкен аурухана жабылып, емделушілерді қабылдамады", - деп атап өтті Досмаилов.

Бас дәрігер облыста медицина қызметкерлері мұндай бұзушылықтарға жол беретін бірен-саран жағдайлар болып жатқанын мойындады.

Қазіргі уақытта Павлодар облыстық балалар ауруханасында да қызметтік тексеру басталды. Онда бір палатада ЖРВИ-ге қарсы емделуге жеткізілген ұл мен кейін COVID-19 анықталған қыз жатқан.

"Аталған факті бойынша балалардың КВИ жұқтырғандармен байланыста болғаны туралы ақпарат жоқ. Ұл бала температурамен ЖРВИ симптомдарымен қабылдау сұрыптау бөлімшесіне жеткізілген, сол жерде ұқсас белгілері бар қыз да болды, кейіннен оның КВИ сынағы оң нәтиже көрсетті. Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеуге бастамашылық жасады. Факті расталған жағдайда кінәлілер тиісті жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Досмаилов.

Еске сала кетейік, емделушілердің бірінде коронавирус табылғаннан кейін медициналық мекеме дереу жабылды. Жұқтырған 84 жастағы зейнеткер болып шықты, ол кейіннен қайтыс болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр