Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған қылмыскер сотталды

Павлодар қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыскерге үкімді Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

"Сот айыпталушыны Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1-бөлігімен "Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау жасалды", деп айыпталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді сот.

Сотталушы өз жазасын ең қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Процесс жабылды. Соттың мәліметінше, бұл іс бір эпизодтан тұрған. Жәбірленушінің мүдделеріне қатысты басқа мәліметтер жария етілген жоқ.

Сот үкімнің әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті. Қазіргі уақытта сотталған адамның қорғаушылары апелляциялық сотқа шағым түсіреді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр