Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ішімдікке салынғандардың үйінде тұрған үш бүлдіршін балалар үйіне орналастырылды

Павлодарда адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген үш бүлдіршін балалар үйіне орналастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Полицейлер қаладағы пәтерлердің бірінен ішімдікке салынған ата-ананың балаларына мүлдем қарамағанын анықтады. Лас үйдің ішінде азық-түлік мүлдем болмаған, ал тоңазытқыштың іші арақ-шарапқа толып тұрған. Астан-кестеңі шыққан пәтерде 2 және 4 жастағы балалардың ұйықтайтын төсектері де болмаған. 21 мен 22 жастағы ерлі-зайыптының ісі енді сотта қаралады.

Павлодар облысы бойынша ішкі істер органдарының есебінде осындай 288 отбасы тұр.

“Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 22 және 21 жастағы ата-анаға қатысты ӘҚБК 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Жас отбасының әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады”, – деді Павлодар қалалық полиция бөлімінің аға инспекторы Руслан Сүлейменов.

Талқылау