Павлодарда есірткіні қарбыздың ішіне жасырып шекара асырмақ болған
Павлодарда есірткіні қарбыздың ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 келі героин табылған. Есірткінің нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды. Жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған. Қазіргі уақытта ескірткі қылмысына қатысы бар өзге де тұлғалар мен ұйымдастырушылары іздестіріліп жатыр.
“ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді”, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”