Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адамды балтамен шауып өлтірген қазақстандық жауапкершіліктен босатылды

6 тамызда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: chinese.alibaba.com

Кісі өлтіру оқиғасы 2024 жылдың наурыз айында болған. 

"2024 жылы 29 наурызда Д., Павлодар қаласы, М.Жүсіп көшесіндегі жеке тұрғын үйінің ауласында, өз іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін ойламай, Д.К.-ның басынан балтамен бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан Д.К., оқиға орнында көз жұмды", – деді сот. 

Кісі өлтірген күдікті психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес есі дұрыс емес деп танылды.



Жауапкер қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған. Оның созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі бар деп танылды. Осының салдарынан ол өзінің әрекеттерiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе өз әрекетіне ие бола алмаған. Сол себепті қылмыскер Қылмыстық кодекстің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

"Сот істің барлық мән-жайын зерттеп, Д.-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатты. Оған Алматы облысы Талғар кентіндегі жабық психиатриялық стационарлық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары қолданылады", – делінген хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіргені туралы жазған едік. 

Талқылау