AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам қызғаныштан өзінен 33 жас кіші сүйіктісін пышақтап өлтірді

Басқа біреумен көңіл жарастырғаны үшін бұрынғы сүйіктісін өлтірген Павлодар облысы Успен ауданының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға биыл маусым айында болған. Ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, өз үйінің ауласында 28 жастағы әйелдің өлтірілгенін айтқан.

Белгілі болғандай, марқұм біраз уақыт Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен бірге тұрған. Бірақ олар үнемі жанжалдасып, тіпті ер адам әйелге қол көтерген. Сол себепті қыз сүйіктісінен кетуге бел буған.

Әйел уақытша өз танысының үйін паналайды. Көп ұзамай үй иесіне Павлодардан досы қонаққа келеді. Қонақ жігіт пен әлгі әйел арасында сезім пайда болып, екеуі қалаға бірге қайтуға шешім қабылдайды. 

Мұны естіген 61 жастағы бұрынғы сүйіктісі ашуланып, ішімдік ішкен. Бұдан соң қолына пышақ алып, әйел тұрып жатқан үйге барады. Онымен сөйлесіп, үйіне оралуға көндіреді. Бірақ әйел райынан қайтпайды. Сол кезде ер адам ғашығын бірнеше рет пышақтайды.

Үй иесі қылмыскерді ұстап үлгермеген, ол белгісіз бағытта қашып кеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады.

Полиция аз уақыт ішінде күдіктінің мекенжайын анықтап, оны ұстады. Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр