Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда экс-полицей жүргізушіні алдап, пара беруге мәжбүрлеген

Павлодар облысы полиция департаментінің автокөлік шаруашылығының бұрынғы жүргізушісі алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Сот күдікті  Павлодар облысы полиция департаментінің автокөлік шаруашылығының жүргізушісі болып жұмыс істей отырып, жергілікті тұрғыннан 50 мың теңге ұрлағанын анықтады.

Осы жылдың бесінші мамырында Павлодар ауылында полиция қызметкері қызметтік көлікті басқарған кезде стробоскоп қолданып, көлікті тоқтатады. Ол жүргізушіні жаңылыстырып, енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтқан. Бұл үшін 24 мың теңге көлемінде айыппұл салу, тіпті әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Қала тұрғынының бұл мәселеде бейхабарлығын пайдаланып, тәртіп сақшысы әкесінен баласын әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 50 мың теңге сомасында ақша беруді сұрайды.

Сот жарыссөздерінде прокурор сотталушыға "полицияның аға сержанты" арнаулы атағынан айыра отырып, ұрланған соманың он үш еселенген мөлшерінде - 650 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады, бұған жәбірленуші де, сотталушы да келісті.

Кінәні жеңілдететін жағдайлар ретінде сот экс-полицейдің кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін, сондай-ақ оң мінездемені ескерді. Төтенше жағдай кезінде өзі қабылдаған ант пен кәсіби антты бұзған адамның құқық бұзушылық жасауы ауырлататын мән-жайлар деп танылды.

Сот үкімімен бұрынғы полицей ҚР ҚК 190 2-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдаланумен байланысты болса) бойынша кінәлі деп танылды.

"Оған ұрланған соманың он бес еселенген мөлшерінде 750 мың теңге айыппұл салынды, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Ол сондай-ақ "полицияның аға сержанты"атағынан айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Талқылау