AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда екі жұмысшыны топырақ басып қалды

Павлодарда құтқарушылар қала тұрғындарымен бірге үш метрлік шұңқырға құлап, топырақ басып қалған екі жұмысшыны аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Павлодар көшелерінің бірінде су құбырын тарту кезінде болған.

"28 сәуір күні сағат 14.06-да Кисловодская көшесінде зардап шеккендер туралы хабарлама келіп түсті. Келгеннен кейін су құбыры үшін траншеяны төсеу бойынша қазу жұмыстары кезінде екі ер адамның жер басып қалғаны анықталды. Жергілікті тұрғындармен, құтқарушылармен бірге 1970 және 1976 жылы туған зардап шеккен екі ер адамды қазу және шығару жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап өтуінше, құтқарушылар жеткенше жергілікті тұрғындар зардап шеккендерді өз бетімен қазып шығаруға әрекеттенген.

Жұмысшылар құлаған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмысшылар шамамен 6-7 минут жер астында болған. Алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін құтқарылған ер адамдарды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр