Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бір күнде 20 адам аптап ыстықтан қоғамдық орындарда есінен танып қалды

Павлодарда бір тәулікте 20 адам аптап ыстықтан қоғамдық орындарда есінен танып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"103" қызметіне гипертониялық науқастар мен облыс тұрғындарының басқа да созылмалы аурулары бар тұрғындардан түскен қоңыраулар саны да артқан.

"Жедел жәрдем шақыруларының көбеюі тіркеліп жатыр. Егер қатты аптап ыстық басталғанға дейін бізге күніне 630-дан 650-ге дейін шақырту түссе, қазір 710-720 шақырту", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Күндізгі уақытта бір ғана қоғамдық орындарда жиырма адам ыстықтан есінен танып қалды. Денсаулық сақтау қызметкерлері тұрғындардан еш себепсіз далаға шықпауды сұрайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін Павлодар облысында ауа температурасы 39 градусқа жеткен.

"Облыс орталығында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты жасыл алқаптарды суару жұмыстары күшейтілді", - деп хабарлады ТЖД.

Талқылау