Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сүндетке отырғызамын деп жыныс мүшесінің үштен бірін кесіп тастаған хирургке сөгіс жарияланды

Дәрігердің салғырттығынан баланың жыныс мүшесінің үштен бірі кесіліп, зәр шығару жолдары зақымдалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: stylishbag.ru

Ата-аналар қателікке жол берген хирургті жазалауды талап етуде.  Айта кетейік, баланы сүндетке отырғызуды 13 жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігер жасаған.  Оның "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар. Оқиғадан кейін хирургке қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол операциялардан шеттетілді. Бүгінде дәрігер бұл ауруханада жұмыс істемейді, өз еркімен жұмыстан кетті.

"Баланы сүндетке отырғызу кезінде қателік жібергені үшін хирург 2 ай мерзімге қатаң сөгіс және хирургиялық операциядан шеттету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артынша дәрігермен еңбек шарты өз өтініші бойынша бұзылды",  - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәлімдегендей, павлодарлық емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Астанадағы "Ана мен бала" орталығының урология бөлімінің меңгерушісімен және баланы емдеуші дәрігермен үнемі байланыста болған. Қазіргі таңда, бала Астанадағы "Ана мен бала" орталығының урология бөлімінен шығарылды.

"Баланың жағдайы тұрақты, жарасы негізгінен жазылды, катетер алынды, зәр шығару жолдарының қызметі реттелді", - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында сүндеттеу кезінде бес жасар ұлының денесіне зақым келгені ата-ана хирургты жазалауды талап еткені туралы жазған едік. 

Талқылау