Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші ақыры жұмыстан қуылды
Павлодарда бүлдіршіндерді шапалақтап ұрған адуынды тәрбиеші жұмысынан қуылды. Балабақшада болған бұл жайтты ата-аналардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған, деп хабарлайды КТК арнасы.
54 жастағы тәрбиешінің тамақтанып отырған екі баланы шапалақпен тартып жібергені кадрларда анық көрінеді. Адуынды тәрбиешінің өзі мұнда бес жылдан бері жұмыс істейді екен. Бейнежазбаны көрген ата-аналар болса, бірден білім бөліміне арызданып, педагогтың жұмыстан қуылуын талап етіпті. Олардан кешірім алғанымен, тәрбиешінің өзі қазір қызметінен кеткен. Ал білім бөліміндегілер бұл жайтқа жол берген балабақшаның басшыларын да жазасыз қалдырмайтынын айтты.
“Талапты дұрыс орындамаған тәрбиешімен келісім-шарт бұзылды. Бұған қоса, №38 балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушысы да қатаң сөгіс жарияланды. Алмеңгерушінің өзі қазір демалыста. Жұмысына шыққан соң ол да дәл осындай сөгіс алатын болады”, – дейді Павлодар қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі мекемелер секторының меңгерушісі Бақыт Кырықбесова.
Тағы да оқыңыз:
Қызылордалық шеберлер «Экспо» көрмесіне орай ашылған этноауылдағы былықты жайып салды
Қызылордалық кәсіпкер көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады