Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда әйелімен ұрысып қалған ер адам 16-шы қабаттан секірмек болды

Павлодарда мас ер адам әйелімен жанжалдасып қалған соң өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, мас адам Назарбаев көшесі, 50 мекен-жайындағы 16-қабаттың балконынан секірмек деген қоңырау түскен.

 

"Полицей онымен бір сағаттан астам уақыт келіссөз жүргізді. Полиция қызметкері адамның назарын аударып, оған жақындап, сәтті пайдаланып, оның артынан ұстап, өзіне қарай тартты, осылайша ер адамды құтқарды", - деді ведомствада.

Ер адам медициналық мамандарға тапсырылды.

STAN.KZ
Жұма, 16 Сәуір, 2021 09:03
Талқылау