Павлодарда әйел күйеуінен кек алу үшін оның көлігін тіркеуден шығарып тастаған
Павлодарда тіркелмеген жалған нөмірімен көлік жүргізген ер адам жауапкершілікке тартылды. Оның ажырасқалы жүрген әйелі күйеуіне кектеніп, көлікті айтпай тіркеуден шығарып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Павлодарлық ешқайда тіркелмеген жалған нөмірлі көлікпен қаланы айналып шыққан. Бейнебақылау инспекторы пайдаланылған, алайда тіркелмеген көлігін байқаған.
Ол туралы мәлімет жақын маңдағы полиция патрульіне жеткізіліп, көлік жүргізушісі тоқтатылған.
36 жастағы павлодарлық азамат көлігінің мемлекеттік тіркеуден шығарылғанын және мемлекеттік нөмірі жалған екенін полицейлерден естіген кезде таңғалған.
Белгілі болғандай, көліктің иесі оның әйелі болған. Ерлі-зайыптылар онсыз да ажырасуға бекіген. Күйеуіне ашуланған әйел оған ештеңе айтпастан көлікті тіркеуден алып тастаған.
Дегенмен бұл жүргізушіні жауапкершіліктен босатпады. Осыған орай азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұл бап бойынша 20 АЕК (61 260 теңге немесе шамамен 145 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру қарастырылған.
Қазір көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.