Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда аула сыпырушының туған күніне орай әріптестері тосын сый жасады (видео)

Желіде аула сыпырушыны әріптестерінің құттықтаған видеосы пайда болды. Ер адамға Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының қызметкерлері туған күніне орай тосын сый жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасын

Аула сыпырушы азамат Ресейде туып өсіп, кейіннен отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген екен. 

"Төлеген аға күн сайын таңертең Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының ғимаратын тазартады. Оған ұжым да үйреніп кетті. Қария Ресейде туып-өскен, кейін отбасымен бірге Қазақстанға қайта оралған. Ол мұнда анасымен бірге тұрды. Алайда бір-екі жыл бұрын ол кісі де көз жұмды. Қазір жалғыз тұрады. Біз оны туған күнімен құттықтауды ұйғарып, тосын сый жасадық. Ұжым ол кісіні еңбекқорлығы үшін жақсы көреді және құрметтейді", - делінген хабарламада.

Басқарма қызметкерлерінің сөзінше, ер адам қарапайым, сыпайы жан.

"Бізде айтарлықтай үлкен ұжым, қырық шақты адам бар. Бірақ Төлеген аға анасы қайтыс болған кезде, оны еске алу үшін бәріне сыйлық әкелді. Зейнетақысы аз болса да 8 наурыз мерекесінде мекеменің барлық қызметкерлеріне шоколад береді. Оның жалғыз тұратынын білген соң, оған бірнеше рет көмектескіміз келді, бірақ ол біздің жәрдемімізден бас тартты. Мен оның туған күнін асыға күттім. Төлеген ағаға мейірімі үшін алғысымды білдіремін", - деді департамент өкілі. 

Жасы 70-ке таяған қария бұған дейін өзін ешкім бұлай құттықтамағанын айтты. 

Талқылау